ICF Қазақстан бөлімшесі» мүшелері, коучинг мектептері мен коучинг клиенттеріне және жалпыға
Халықаралық коучинг федерациясының (ICF) коучинг мамандығын түсіндіруге қатысты «ICF Қазақстан бөлімшесі» ҚБ директорлар кеңесінің өтініші
Құрметті әріптестер,
Соңғы уақыттарда бізге коучингтің не екені және коучтің кім екендігі, сонымен қатар "кәсіби коуч"термині нені білдіретіні туралы көптеген сұрақтар келіп түсуде. Біз Қазақстандағы ICF өкілдері ретінде осы мәселені түсіндіріп, өз пікірімізбен бөліскіміз келіп тұр.
Әрбір ICF мүшесі, тұрғылықты жеріне қарамастан, ICF Кәсіби этика кодексін (ICF кодексі) негізге алады және толықтай ұстанады. Кәсіби этика кәсіби қызметтің барлық салаларында көрініс табады, өйткені кәсіби топтың адамгершілігі (кәсіби мораль) қоғам моральының негізгі бөлігі, ал адамгершіліктің өзі сонау ежелден бері адамдардың мінез-құлқы мен іс-әрекетін, өзара қарым-қатынасын, оның ішінде кәсіби салада реттеуші қағида болып табылады.
ICF этикалық кодексі ICF-тің негізгі құндылықтары мен этикалық принциптерін және барлық ICF кәсіпқойы ұстанатын әрекеттер стандарттарын сипаттайды. Осы ICF этикалық стандарттарын ұстану қажеттілігі ICF негізгі құзыреттерінің бірінші тармағында бекітілген (ICF негізгі құзыреттері, 1-параграф) және келесідей оқылады: [коуч] «жұмыс барысында ICF этикасына сүйенеді: этикалық нормаларды меңгереді және үнемі коучинг стандарттарын сақтайды».
«ICF кәсіпқойы» - өзін коуч және коучинг супервайзері, ментор-коуч, коуч-тренер, коучинг бойынша оқыту бағдарламасына қатысушы және т.б. рөлдерінде ICF мүшесі немесе ICF тарапынан сертификатталған коуч ретінде танылатын адам.
"Коучинг" - клиенттердің жеке және кәсіби әлеуетін барынша ашуға шабыттандыратын ойлау және шығармашылық процестерді ынталандыратын серіктестік.
"Коуч" сөзі өте кең таралған және шығу тарихы жағынан ағылшын тіліндегі "coach" сөзінен шыққан, яғни А нүктесінен В нүктесіне тасымалдайтын тасымалдаушы немесе вагон дегенді білдіреді және әлі күнге дейін автобустарға, әсіресе спортшылар командаларын тасымалдайтын көліктерге қатысты қолданылады. Кейбір брендтер өз атауында "коуч" сөзін командалық жұмыста нәтижеге қол жеткізетіндігін көрсету үшін пайдалануда. Спортта "коуч" термині спортшыларға өз мақсаттарына және максималды әлеуетіне жетуге көмектесетін жаттықтырушыға қатысты қолданыла бастады. Бүгінде біз коучинг саласында білімі мен дағдылары бар, сондай-ақ "ICF кәсіпқойы» анықтамасына сәйкес келетін маманды кәсіби коуч деп санаймыз.
Сондай-ақ, ICF-те коучтарды сертификаттаудың үш деңгейі бар (әр 3 жыл сайын қайта растау қажет): ASSOCIATE CERTIFIED COACH (ACC) – коучинг білімі мен дағдыларының бастапқы деңгейін көрсетеді, оларды коучинг барысында қолданады, сондай-ақ коучингте және басқа салаларда осы дағдыларды қолданудың қалай ерекшеленетінін түсінеді. PROFESSIONAL CERTIFIED COACH (PCC) - коучинг дағдыларын нақты меңгергендігін көрсетеді, дей тұрғанмен белгілі бір дәрежеде коучингте оқытылған әдістемелерге байланысты болуымен қатар, қазіргі уақытта клиентпен толық серіктестік орнатуды үйреніп жатқандығы және барлық игерілген әдістемелерді клиенттің мүддесіне қолдануымен ерекшеленеді. PCC сонымен қатар меңгерілген дағдылардың ерекшелігін қолдана отырып, басқа кәсіптерден айырмашылығын нақты түсінеді. MASTER CERTIFIED COACH (MCC) - коучинг дағдыларын еркін меңгергенін клиентпен жемісті серіктестік орнату арқылы, оған өз мүмкіндіктерін жан-жақты зерттеуге және меңгеруге көмектесуімен көрсетеді. MCC сонымен қатар меңгерілген дағдылардың ерекшелігін қолдана отырып, басқа кәсіптерден айырмашылығын нақты түсінеді.
ICF Global - 27 жыл бойы жұмыс істеп келе жатқан және бүкіл әлем бойынша 50 мыңнан астам мүшені біріктіретін беделді коучинг ұйымы. ICF ұйымы коучтер үшін кәсіби тәжірибе мен этикалық мінез-құлықтың жоғары стандарттарын белгілейді және бүкіл әлем бойынша коучтерді аккредиттеу мен сертификаттауды қамтамасыз етеді. Ол кең білім беру және дамыту ресурстарын ұсынады, сонымен қатар кәсіби коучтер қауымдастығын қолдайды. Өзінің беделі мен сапаға деген қатаң көзқарасының арқасында ICF ұйымы кәсіби коуч болуға немесе өз жұмысында коучингті пайдалануға ұмтылатын кез-келген тұлға үшін сенімді бағыт болып табылады.
Қазақстандағы ICF бөлімшесі 2020 жылы ұйымдастырылып, ҚР әділет органдарында ресми тіркелді. Қазіргі уақытта 150-ден астам белсенді мүшелерден тұрады. Оның ішінде АСС сертификаты бар 18 мүше, PCC дәрежесінде 34 мүше және MCC деңгейін дәлелдеген 16 мүше бар. Жыл сайын "Халықаралық коучинг апталығы" конференциясы аясында ICF Қазақстан бөлімшесі қоғам белсенділерін, профессорларды, коучинг саласындағы ТОП басшылар мен мамандарды коучингті өз жұмыстарында енгізу бойынша кейстерімен бөлісуге, сондай-ақ әлеуметтік жобаларда коучингтің әсері туралы пікір білдіруге шақырып тұрады.
«ICF Қазақстан бөлімшесі» қоғамдық бірлестігінің 2024-2026 жылдары үшін директорлар кеңесі мүшелері: Елена Григорьева қамқоршылар кеңесінің басшысы, Inclusion & Diversity Officer, Арман Куйбагаров президент, Степан Черепанов вице-президент, PCC ICF Назгүл Күнбатырова сертификаттау және этика жөніндегі Директор, PCC ICF Айнұр Аманжолова мүшелік және қаржы жөніндегі директор Евгения Емьянова халықаралық ынтымақтастық жөніндегі директор Дана Жантемирова коучингті кәсіби стандарттарға енгізу жөніндегі директор, PhD Ғалымбек Бермағанбетов ICF стандарты бойынша коучингті қазақ тілінде дәріптеу жөніндегі директор Жанар Арупова, жергілікті ұйымдармен, мүдделі тараптармен және коучингті оқыту ұйымдастырушыларымен жұмыс жөніндегі директор.
Біздің аккоунттарға жазылыңыздар:
Кому: Членам Отделения, коучинговым школам, клиентам коучинга и общественности
Заявление Совета Директоров ОО «ОтделениеICF Казахстан», касательно разъяснений по профессии коуча в понимании Международной Федерации коучинга (ICF).
Уважаемые коллеги,
В последнее время мы получаем множество вопросов о том, кто такой коуч и что подразумевается под термином "профессиональный коуч". Мы, как представители Международной Федерации коучинга в Казахстане, хотим разъяснить этот вопрос и поделиться нашим пониманием.
Каждый член ICF не зависимо от места проживания признает и соглашается соблюдать Этический кодекс Профессионала ICF (Кодекс ICF).[Профессиональная этика лежит в основе всех аспектов профессиональной деятельности, так как мораль профессиональной группы (профессиональная мораль) является составной частью морали общества, а собственно мораль является одним из самых древних регуляторов поведения и действий, взаимодействия людей, в том числе и в профессиональной сфере.]
Этический кодекс ICF описывает ключевые ценности Международной федерации коучинга (Ключевые ценности ICF), этические принципы и стандарты поведения, которым следуют все Профессионалы ICF (см. определения). Необходимость следования этим этическим стандартам ICF закреплена в первой из Ключевых компетенций ICF (Ключевые компетенции ICF, п.1), и звучит следующим образом: [коуч] «опирается в работе на этику: понимает и регулярно применяет этические нормы и следует стандартам коучинга».
«Профессионал ICF» — человек, представляющий себя как член ICF или сертифицированный коуч ICF в роли коуча, коучингового супервизора, ментора-коуча, коуча-тренера, участника программы подготовки коучей и других.
«Коучинг» — партнерство с Клиентами, стимулирующее мыслительные и творческие процессы, вдохновляющие клиентов на максимальное раскрытие личного и профессионального потенциала.
Несмотря на то, что слово «коуч» имеет довольно широкое распространение и исторически происходит от английского слова "coach", которое означало карету или повозку, перевозившую из пункта А в пункт Б (Оксфордский словарь) и до сих пор используется для обозначения автобусов, особенно тех, которые перевозили команды спортсменов. Некоторые бренды также используют слово "коуч" в своем наименовании, чтобы подчеркнуть свою связь с командной работой и достижением результатов. В спорте термин "коуч" стал использоваться для обозначения тренера, который помогает спортсменам достичь своих целей и максимального потенциала. Сегодня мы считаем профессиональным коучем специалиста, который обладает знаниями и навыками в области коучинга, а также соответствующего определению «Профессионал ICF».
Также выделяется три уровня сертификации коучей вICF (необходимо переподтверждать каждые 3 года): ASSOCIATE CERTIFIED COACH (ACC) — демонстрирует начальный уровень знаний и навыков, применяет их при коучинге, а также понимает, чем отличается применение данных навыков при коучинге и в других профессиях. PROFESSIONAL CERTIFIED COACH (PCC) — демонстрирует устойчивое владение навыками коучинга, но в некоторой степени ещё зависит от преподанных в курсе обучения методик и пока учится устанавливать полностью партнёрские отношения с клиентом, фокусировать все освоенные методики в интересах клиента. PCC также показывает устойчивое понимание специфики коучинга в отличие от прочих профессий, применяя полученные навыки. MASTER CERTIFIED COACH (MCC) — демонстрирует свободное владение навыками коучинга, позволяющее установить плодотворные партнёрские отношения с клиентом, помогая ему всесторонне изучить свои возможности и овладеть ими. MCC также показывает устойчивое понимание специфики коучинга в отличие от прочих профессий, применяя полученные навыки.
ICFGlobal является авторитетной и уважаемой организацией в области коучинга, которая работает на протяжении 27 лет и объединяет более 50 тысяч членов в 155 странах мира. ICF устанавливает высокие стандарты профессиональной практики и этического поведения для коучей, а также обеспечивает аккредитацию и сертификацию коучей по всему миру. Она предоставляет обширные образовательные и развивающие ресурсы, а также поддерживает профессиональное сообщество коучей. Благодаря своей репутации и строгому подходу к качеству, ICF является надежным ориентиром для всех, кто стремится стать профессиональным коучем или использовать коучинг в своей работе.
ОтделениеICF в Казахстане было организовано и официально зарегистрировано в органах Юстиции РК в 2020 году. На данный момент насчитывается более 150 активных членов. Из них имеющие сертификацию АСС – 18 членов, PCC – 34 членов, MCC – 16 членов. На конец 2023 года Отделение ICF Казахстан провели больше 200 мероприятий, завершили более 20 проектов.
Каждый год в рамках Конференции «Международная неделя коучинга», Отделение ICF Казахстан приглашает профессоров, ТОП руководителей и специалистов в области коучинга, поделиться кейсами внедрения коучинга в организациях, а также о влиянии коучинга в социальных проектах.
Совет Директоров 2024-2026 ОО «ОтделениеICF Казахстан»: Елена Григорьева, Глава Попечительского совета, Inclusion & Diversity Officer Арман Куйбагаров, Президент Степан Черепанов, Вице-президент, PCC ICF Назгуль Кунбатырова, Директор по сертификации и Этики, PCC ICF Айнур Аманжолова, Директор по членству и финансам Евгения Емельянова, Директор по международному сотрудничеству Дана Джантемирова, Директор по внедрению коучинга в профессиональные стандарты, PhD Галымбек Бермагамбетов, Директор по популяризации коучинга на казахском языке Жанар Арупова, Директор по работе с локальными площадками, стейкхолдерами и провайдерами коучигового обучения